Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Атырау қаласы, Вокзал маңы-5 ықшам ауданы, 27Б үй
+7 (7122) 36-63-01
+7 (7122) 360518
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
№54 «Айгүл» бөбекжай-бақшасы КМҚК
Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі

 «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс.

Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу қажет» елбасымыз жариялаған жолдауын бізідің балабақша іске асырып балалардың бойына туған жер,отан туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыра отырып, адам өміріндегі ең қымбат құндылықты қастерлеуге, құрметтеуге баулу арқылы туған өлкеге деген баланың сезімінің үлкен махаббатқа ұласуына жағдай жасауда.

2018 жылы қараша айының 20 - 28 аралығында балабақшаның оқу жылының міндетіне сәйкес ата - анасын қадірлейтін, отаның сүйіп, қазақ тілін, тарихын мәдениетін, салт дәстүрін, халықтар досытығын қастерлейтін, ел бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу; балалардың ұлттық сана сезімінің көкжиегін кеңейту; мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша педагогтардың кәсіби шеберліктерін шындау, шығармашылық бағыт бағдарын айқындап жүзеге асыру мақсатында №2 педагогикалық кеңесіне арналған болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» идеясын қолдана отырып жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру тақырыбында ашық шаралар көрсетілді.