Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Атырау қаласы, Вокзал маңы-5 ықшам ауданы, 27Б үй
+7 (7122) 36-63-01
+7 (7122) 360518
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
№54 «Айгүл» бөбекжай-бақшасы КМҚК
Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі

Ата - анамен бала арасында үйлесімді қарым - қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзара жағымды қарым - қатынасын арттыру, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында  № 54 «Айгүл» балабақшасының психологы Ашабекова Алма Нығметқызы «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында ата – аналарға   семинар өткізді.

Алма Нығметқызы семинар бағдарламасымен таныстырып, ортаға ата - аналарды шақырып  «Мені неден жасады?» атты тренинг арқылы семинарды бастады. «Айгүл» балабақшасының  балаларының  дайындауында «Отбасылық тәрбие»  бейнеролигі көрсетілді. «Кір машина», «Үй» , «Мөлдір су» тренингтері жүргізілді, « Үлгілі отбасы,  Үлгілі емес отбасы» тақырыбында ата - аналарға шығармашылық  жұмыстар жүргізілді. Ата – аналар семинарға белсенділікпен қатысып, ризашылықтарын білдіді. Семинардан бала тәрбиесіндегі кетіп жатқан кемшіліктерінен  тәрбиелік сабақ  алды. Қорытынды бөлімінде балабақша директоры Айман Сапарқызы ата - аналарға  ризашылығын білдірді. Семинарға белсенді қатынасқан ата - аналарды атап кетуді жөн көріп отырмыз  Асель Сағынтайқызы, Сакен Қалелқалиұлы, Наурыз Бисенбайұлы, Мирас Ғабдолхайұлы, Мендігүл Абуталиқызы, Асет Досанұлы, Ерлан Багитжанұлы